Тарихы

IMG_0030

1971 жылдың 2 шілдесінде Қазақ Совет Социалистік Республикасы Жоғарғы және орта арнаулы білім министрлігінің № 751-ші бұйрығымен Шымкент қаласында Шымкент автомеханикалық техникумы ашылды.

Алғашқы кезде 1617 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мен 1601 «Автомобильдерді техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша мамандар дайындау жұмысы жүргізілді.  43 жыл ішінде колледж атауы бірнеше рет өзгерді.

ҚР Оқу министрлігінің 1995 жылғы 11 желтоқсандағы № 312 бұйрығымен Шымкент автомеханикалық техникумы Оңтүстік Қазақстан автомеханикалық колледжі деп өзгертілді.

ҚР Үкіметінің 08.05.1997 жылғы № 814 қаулысы және ОҚО әкімінің 18.06.1997 жылғы № 14 шешімімен Оңтүстік Қазақстан автомеханикалық колледжі Шымкент аграрлық-техникалық колледжі болып аталды.

ОҚО әкімінің 14.03.2003 жылғы № 120 қаулысымен Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің автомеханикалық кешені – Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі болып өз алдына бөлініп шықты.

ОҚО әкімінің 16.06.2016 жылғы № 173 қаулысымен  «Жол-көлік колледжі» болып  жаңа атауға ауыстырылды.

Алғашқы іргесін қалаған жылдары, 1617 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу», 1601 – «Автомобильдерді техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша мамандар дайындау жұмысы жүргізілген болса, бүгінде Жол-көлік колледжінде сегіз мамандық бойынша мамандар даярланады:

  • 1201000-«Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»;
  • 1203000-«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару»   (салалар бойынша);
  • 1202000-«Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару»   (салалар бойынша);
  • 1410000-«Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы»;
  • 1108000-«Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық  күту»;
  • 1303000-«Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»;
  • 1402000-«Жол – құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» (түрлері бойынша);
  • 1206000-«Жол қозғалысын ұйымдастыру».

Тәуелсіз Елдің болашағы да, тірегі де, ХХІ ғасырдың жастары жан-жақты кәсіби  біліммен қаруланған, өздігінен қиындықтан шығуға жол табатын кез-келген бәсекелестікке төтеп бере алатын маман тұлға болуы қажет. Осындай тұлғаларды тәрбилелеу кәсіптік білім мекемелерінің қызметкерлеріне зор міндеттер жүктейді. Жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі де, ұстаздар алдында тұрған міндеттердің бірі екендігін – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті жолдауында баса көрсетілген болатын. 

Кәсіптік білім беру саласындағы «Кәсіптік білім берудегі әріптестік» бағдарламасы аясында колледж  2012 жылы Германияның Трир қаласындағы ұсталық палатасымен тығыз жұмыс жүргізе отырып, оқытудың дуалді жүйесін ендіру бойынша серіктестік жобаларды жүзеге асыру туралы келісім-шарттарға қол қойды. Қазіргі кезде колледжде «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша экспериментальды  оқу тобы құрылып, дуалды оқыту жүйесіне толықтай көшкен. Колледждің материалдық – техникалық базасы арнайы пән мамандықтары бойынша оқу – машықтануларының барлық түрлерін толық көлемде өтуіне мүмкіндік береді.