Қамқоршылық кеңесінің кезекті мәжілісі

29.10.2021ж. күні Жол-көлік колледжінің Қамқоршылық кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісті Қамқоршылық кеңес төрағасы Х.А.Сарсенов ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша колледж директоры Г.У.Искакова, әлеуметтік педагог Ж.Б.Қуанышбекова және қамқоршылық кеңес мүшелері Ж.Қамбар мен С.Ж.Қабылбекова нақты мәліметтер беріп өтті. Қамқоршылық кеңес төрағасы Х.А.Сарсенов пен кеңес мүшелері колледж басшысы Г.У.Искакова басқарып отырған ұжымның жұмысына оң бағасын берді. Қамқоршылық кеңес төрағасы Х.А.Сарсенов кеңес отырысын қорытындылай келе, Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, бірнеше бағыттағы атқарылатын жұмыстарды айтып өтті

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған