«Өнерлі өрге жүзер» сайысы

31.10 – 4.11. 2022ж. күндері аралығында Жол – көлік колледжінде 2022-2023 оқу жылында қабылданған оқу топтары арасында дәстүрлі «Өнерлі өрге жүзер» сайысы өтті. Сайысқа қатысқан әр топ белгіленген кезеңдер бойынша өз өнерлерін көрсетті. Жастарға рухани эстетикалық тәрбие беруде, өз мамандығының қыр-сырын меңгеруде, топпен бірлесіп ынтымақ-бірлікте жұмыс жасай білуде, ұлттық құндылықтарды құрметтеуде, бойларындағы таланты мен өнерлерін танытуда, шыңдауда және колледж көркемөнерпаздар үйірмесінің құрамын жаңа таланттармен толықтыруда «Өнерлі өрге жүзер» сайысының берері мол.
Сайыстың қорытындысы қараша айында өтетін «Студенттер күні» мерекесінде жарияланады. Үздік деп танылған оқу топтары Дипломмен, Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сайыста жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерімен танылған, белсенді атсалысқан топ студенттері мен жетекшілерге үлкен алғысымызды білдіреміз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған