Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша 5 күндік оқу-дала жиыны өз мәресіне жетті

20.05.2022ж. Жол-көлік колледжінде негізгі орта білім базасында оқуға түскен ІІ курс студенттері арасында «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша 5 күндік оқу-дала жиыны өз мәресіне жетті. Жиынның соңғы күнінде әскери-спорттық шаралардың финалдық кезеңі өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Қатысушылар қойын-қолтық ұрыс түрлерінен эпизодтар көрсетті. Қыздар алғашқы медициналық жедел жәрдем көрсету туралы ақпар берді. Патриоттық әндер шырқалып, жеңімпаздар марапатталды. Жиын соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешімов қатысушыларға сәттілік тілеп, қатысушылардың оқу-дала жиынында алған дағдылары Отан алдында әскери борышын өтеу кезінде қажет болатындығын айтып, оқушылардың патриоттық рухын көтеру тұрғысында жалынды сөздер айтып, оқу-дала жиынын ұйымдастыруға еңбек сіңірген біршама оқытушылар мен қызметкерлерге өз алғысын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған