«Ашық есік» күнінің алғашқы күні басталды

23.05.2022ж. Жол-көлік колледжі қабылдау комиссиясының іс-жоспарына сәйкес екі күнге жоспарланған «Ашық есік» күнінің алғашқы күні басталды. Қала мектептерінен келген бітіруші түлектер колледждің материалдық-техникалық базасымен, колледж тыныс-тіршілігімен, бүгін бастауын алған қалалық «WorldSkills-2022» чемпионатының барысын тамашалады. Колледж дайындайтын мамандықтар туралы толық мағлұмат алып, колледжге оқуға қабылдаудың шарттарымен танысты.
«Ашық есік» күні ертең де сағ.11-00-ден жалғасады. Келіп танысам деушілерге есік ашық

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған