«Бұл палата балалардың қылмысы үшін ата-анасы жауап бермеуі тиіс» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді.

11. 05.2022ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының жоспарына сәйкес «Бұл палата балалардың қылмысы үшін ата-анасы жауап бермеуі тиіс» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. Жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Наурызбаева Айнұр бастаған Үкімет, арнайы пән оқытушысы А.Шаланова бастаған топ оппозиция ретінде өз ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты.
Іс-шараға оқытушылар мен қызметкерлер, студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша А.Наурызбаева бастаған үкімет жеңіске жетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған