Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Жол-көлік колледжінің І курс студенттерімен адалдық сағаты ұйымдастырылды.

12.05.2022ж. Колледждің мәжіліс залында жастар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Жол-көлік колледжінің І курс студенттерімен адалдық сағаты ұйымдастырылды. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы қатысты.
Кездесу барысында жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Департамент өкілі қазіргі жастарға жетістіктерге жетіп, барынша білім алуына мүмкіндіктердің көп екендігін айтып, әрқашан үздік болуға, ел дамуына үлес қосатын мықты маман болуға, сабақтарын жақсы оқуға шақырды.
Оқушылар парасаттылық, адалдық құндылықтарына қатысты өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауаптар алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған