«Ер мен жердің жеңісі» тақырыбындағы салтанатты жиын өтті

6.05.2024 ж. күні «Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» атты топ жетекшілер бірлестігі апталығының қорытындысы колледж мәжіліс залында «Ер мен жердің жеңісі» тақырыбындағы салтанатты жиынмен аяқталды.
Бүгінгі мерекелік шара «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып,тарихымызды тереңнен танып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлердің құрметіне арналды. Директордың міндетін атқарушы А. Акмулдаев мерекемен құттықтап, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар колледж ардагері, кәсіподақ ұйымының төрағасы Р. Ешимов ардагер ұстаздарды сыйлықпен, белсенді оқытушыларды Алғыс хаттармен марапаттады.
Ерліктің отын маздатқан осынау күні тағы бір сұрапыл сұм жылдарды еске ала отырып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Өз батырлығы мен өжеттіктерімен ерекшеленетін, әрбір солдаттың, әрбір ана мен қыздардың сезімдері мен ойларын жеткізетін қойылымдар қойылды. Жеңіс туралы жырлар мен шырқалған әндер жүрекке жетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған