Жол-көлік колледжінде қалалық білім басқармасының жанындағы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Тұран ауданы бойынша «Жасанды интеллект және тәлімді тәрбие» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Тұран ауданына қарасты білім беру мекемелерінің бірінші басшылары, ардагер ұстаздар және студенттер қатысты. Семинарды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев жүргізді. Жиын Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Үсіпбековтың құттықтау сөзімен ашылып, «Рухани-танымдық» және «Әдістемелік-тәжірибелік» екі бағытта өрбіді. Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры Б. Найманбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына тоқталып, баяндама жасады.