Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Шымкент қалалық полиция департаменті Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуге аға лейтенант Н.Жантуғанов, полиция капитандары Б.Байбанов және Б.Ергеш қатысты. Іс-шара барысында студенттерге қылмыстың алдын алу, буллинг, бопсалау және құқық бұзушылықтың зияны туралы түсіндірме дәрісі өткізілді.
Кездесу жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға құрметпен қарау дағдысын қалыптастыруға бағытталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған