13.11.2023 ж. Аутрич және Nett жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Қыпшақбаев Рауан, бөлім инспекторы Алайдар Молдир жастардың діни сауаттылығын арттырып, жат қылықтардан аулақ болу мақсатында Жол-көлік колледжі оқушыларына кездесу ұйымдастырды. Дін және жастар тақырыбы бойынша арнайы жадынамалар таратты. Студенттер діннің – зайырлы қоғамымыздың ажырамас бір бөлігі екенін білді. Деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмаудың жолдарын қарастырды. Діни наным-сенімнің не екенін талқылады.