«Қарияларым – қазыналарым!» қайырымдылық концерті

Жол-көлік колледжінің өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ардагерлер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ардагерлеріне арнайы қайырымдылық концерт қойды. Өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, қазыналы асыл қарттардың ризашылығына бөленді.
Осы кешеннің қариялары үшін көңілді уақыт өткізу болды. Балаша қуанып, қол соғып, көңілдері көтерілді. Шара соңында ардақты ардагерлер қауымы Жол-көлік колледжі ұжымына шын жүректен алғыс жаудырып, ақ баталарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған