Жастардың діни сауаттылығын арттырып, жат қылықтардан аулақ болу мақсатында Жол-көлік колледжі оқушыларына кездесу ұйымдастырылды

13.11.2023 ж. Аутрич және Nett жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Қыпшақбаев Рауан, бөлім инспекторы Алайдар Молдир жастардың діни сауаттылығын арттырып, жат қылықтардан аулақ болу мақсатында Жол-көлік колледжі оқушыларына кездесу ұйымдастырды. Дін және жастар тақырыбы бойынша арнайы жадынамалар таратты. Студенттер діннің – зайырлы қоғамымыздың ажырамас бір бөлігі екенін білді. Деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмаудың жолдарын қарастырды. Діни наным-сенімнің не екенін талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған