“Жастардың діни танымына интернеттің, әлеуметтік желілердің әсері” тақырыбында колледж студенттері арасында кездесу өтті.

21.09.2023 ж. Білім ордамызда Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жастардың діни танымына интернеттің, әлеуметтік желілердің әсері” тақырыбында колледж студенттері арасында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы дін істер басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат Шоханұлы жастарға әлеуметтік желінің зардаптары жайлы түсіндіріп өтті. Тағылымы мол кездесудің маңыздылығы – жас ұрпақтың ғаламторға тәуелді болу, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттардан абай болулары жөнінде хабардар етті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған