«Birgemiz Asylmura» жобасы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің мұражайына экскурсия жасады

21.09.2023 ж. Жол-көлік колледжінің ТМ-9-237 топ студенттері Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Birgemiz Asylmura» жобасы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің мұражайына экскурсия жасады.
Мақсаты – болашақ жасөспірімдерге қаламыздағы белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен насихаттау. Экскурсия кезеңінде музейдің меңгерушісі жастарды милиция мен полицияның қалыптасу тарихымен, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының батырлары және ішкі істер органдарының ардагерлері туралы мәліметтермен таныстырды. Экскурсияда мұражай меңгерушісі келушілерге қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы баяндап берді. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған