«Жас маман» жобасы аясында колледж базасымен танысу

19.11.2021ж. «Talap» КЕАҚ президенті Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы және «Talap» КЕАҚ жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасы бөлім басшысы Жанайдаров Нұрдаулет Даулетбекович Шымкент қаласына жасаған іс-сапарының жоспарына сәйкес Жол-көлік колледжінің материалдық-техникалық базасымен және еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында берген тапсырмасына сәйкес ашылған «Жас маман» жобасы аясында колледж базасын нығайту үшін 07161300 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және 07140700 – «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша 264 млн теңгеге алынған құрал-жабдықтардың орналасуы, іске қосылуымен танысты. Колледжге сапары барысында мәртебелі қонақтар колледждің әкімшілік құрамымен, оқытушыларымен, студент жастарымен сұхбаттасып, сұрақтар қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әбдіманап Елікбайұлы сапарының соңында колледж ұжымының жасап жатқан еңбегіне табыс тілеп аттанды

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған