«Халықаралық студенттер күніне» орай салтанатты іс-шара

17.11.2021ж. Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында «Халықаралық студенттер күніне» орай салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты мәжілісті колледж директоры Г.Ү.Искакова ашып берген соң, колледждің белсенді және оқу мен білімде, спортта жоғары нәтиже көрсеткен студенттері сахнаға шақырылып, құрмет көрсетілді. Өзін-өзі басқару Студенттік парламент ұйымының белсенді мүшелері І курс студенттеріне білім кілті мен студенттік билетті табыстап, әрқашан жоғары нәтижелер көрсетіп, тек алда болуға шақырды
Жыл сайын І курс топтары арасында дәстүрлі түрде өткізілетін «Өнерлі өрге жүзер» сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығынан» келген мамандар колледж директоры Г.Ү.Искаковаға және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешімовке білім саласы мен жастар тәрбиесіне қосқан айрықша үлесі үшін орталық директоры Е.Айтбаевтың алғыс хатымен марапаттады.
Іс-шара көркемөнерпаздар ұйымының мүшелері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, би кешімен аяқталды

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған