






Previous
Next
27.03.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде 2018-2019 оқу жылының Азаматтық қорғау жоспарына сәйкес «Жер сілкінісі кезіндегі оқытушылар құрамы мен техникалық қызметкерлер сондай-ақ, оқушылардың іс- әрекеттері туралы» тақырыбында сейсможаттығу өтті. Сейсможаттығудың мақсаты: колледж Азаматтық қорғау ұйымы мен құрылымдарының басшылары, оқытушылар құрамы, техникалық қызметкерлер және оқушылардың жер сілкінісі мен оқыстан келген өзгеде табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік шараларына дайын болуы, сауатты іс-әрекеттер жасауы, сонымен қатар, апатты жағдайда өзін-өзі ұстай білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сейсможаттығу талапқа сай, өз деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді.