Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

20.03.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында ашық спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Колледж оқытушылары мен қызметкерлері бірыңғай спорттық киім үлгісінде ашық спорт алаңына салтанатты шеруге шықты. Ашылу салтанатын колледж директоры Г.Ү.Искакова алғы сөзбен ашып, өзінің игі тілегін жеткізді. Колледж студенттері арнау айтып, ән мен жырдан шашу шашты. Іс-шара барысында циклдік комиссия оқытушылары көк аспанға түрлі-түсті мерекелік шарлар ұшырды. Салтанатты түрде ашылған ашық спорт алаңында колледж оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері арасында футбол мен баскетболдан ашық турнирі өткізілді. Айтулы іс-шарадан кейін ашық турнир жеңімпаздарына арнайы Кубок пен медальдар табыс етілді. 
Колледж ұжымы ашылу салтанатынан кейін Наурыз мерекесіне мерекелік дастархан жайды. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын насихаттау мақсатында «Қазақ келінінің бейнесі» байқауы мен «Бата беру» сайысы өтіп, айтыс өнері де ұлықталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған