Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай салтанатты мәжіліс болып өтті

5.03.2022ж. Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай салтанатты мәжіліс болып өтті. Салтанатты мәжілісті директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Акмулдаев құттықтау сөзімен ашса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешімов мерекелік баяндама жасады. Колледжде үлгілі үздік жұмысымен көзге түскен нәзікжандылар әртүрлі құзыретті мекемелерден алғыс хаттар мен марапаттар алды. Залдағы әр аруға колледж ер-азаматтары атынан бір-бір шоқ гүлден табысталды. Салтанатты мәжіліс колледж көркемөнерпаздар үйірмесі мүшелерінің қойған концертімен жалғасын тапты.
Құрметті аналар, қыз-келіншектер, арулар!
Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс – құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған