Жол-көлік колледжінің жатақхана мәжіліс залында «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай » Ана – тіршілік тірегі» атты мерекелік кеш өтті

03.03.2022ж Жол-көлік колледжінің жатақхана мәжіліс залында «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай » Ана – тіршілік тірегі» атты мерекелік кеш өтті. Кешті колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ешимов ашты. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымын төл мерекесімен шын жүректен құттықтады. Кеш жатақхана студенттерінің дайындаған ән мен жыр, көрініс, арнауларымен жалғасын тапты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған