Жол-көлік колледжі 17 қараша – Халықаралық студенттер күнін ерекше атап өтті.

Жол-көлік колледжі 17 қараша – Халықаралық студенттер күнін ерекше атап өтті. Іс-шараның салтанатты бөлімін колледж директоры Г. Ү. Искакова құттықтау сөздерімен ашты. Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, топ басшыларға студенттік билеттер мен символикалық «білім кілтін» табыстады. Жастар ресурстық орталығының Алғыс хаттарымен белсенді оқушыларды марапаттады. 2023-2024 оқу жылында қабылданған студенттері үшін өткізілген дәстүрлі «Өнерлі өрге жүзер» байқауының қорытындысы бойынша І,ІІ,ІІІ дәрежелі Диплом, Алғыс хат, номинациялармен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, естелік сыйлықтарын табыс етті.
Қызықты көңіл, студенттік өмір демекші, білімді де дарынды, өнерлі студенттер өз өнерлерін ортаға салып, залға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған