«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында студент жастармен кездесу өтті.

2023 жылдың 27 қараша күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында студент жастармен кездесу өтті. Жол-көлік колледжінен психолог маман Ғ. Омарова және 30 студент қатысты.
«Қыз тағдыры-ел тағдыры» тақырыбындағы кездесуде PhD докторы, гештальт-терапевт, тәжірибелі психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы, кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Бердібекова Гульсина Рахимбайқызы, «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры ресурстық орталығының Шымкент қаласындағы үйлестірушісі Тонтекова Калдар Жумабайқызы, Шымкент қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Бектемисова Гульвира Тулепбергенқызы, Шымкент қалалық әйелдер кеңесі төрайымы Жандосова Баян Айтбекқызы өз ойларын ортаға салып, зорлық-зомбылық болған жағдайда тиісті орындарға хабарлауды ескертті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған