Колледждің фойесінде ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы жөнінде республикалық жұмысшы тобының мүшесі Максим Рожин бастаған мәртебелі қонақтар Жол-көлік колледжінің қызметкерлері құрамымен кездесу өткізді.

12.05.2022ж. Колледждің фойесінде ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы жөнінде республикалық жұмысшы тобының мүшесі Максим Рожин бастаған мәртебелі қонақтар Жол-көлік колледжінің қызметкерлері құрамымен кездесу өткізді.
Мәртебелі қонақтар қатарында Парламент Мәжілісінің депутаты Ф.Қаратаев, «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Ә.Бектаева және басқалар болды.
Кездесу барысында Конституцияға енгізілгелі тұрған өзгерістердің маңызы түсіндіріліп, аталған қадамның ел болашағы үшін алатын орны ерекше екендігі баса айтылды.
Колледж оқытушылары мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы жөнінде, халықтың әлеуметтік мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауаптар алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған