17.02.2023ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жоспарына сәйкес, колледж студенттерімен Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге Жастар ресурстық орталығының маманы Әлім Арайлым Ерланқызы, ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының маманы Жүргенбаева Назира, ШЖҚ психикалық денсаулық сақтау орталығының маманы Шаукенбаева Әсем Лесбайқызы, Шымкент қаласының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Қарбеков Бауыржан Қанатұлы, Шымкент қаласы №3 спорт мектебінің жаттықтырушысы Садыков Бақтияр, Шымкент қаласы №3 спорт мектебінің спортшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Халитов Ирисбек қатысты. Кездесу соңында студенттер тақырыпқа сай өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан лайықты жауабын алды.

