«Үздік шебер – 2022» байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сарапшылары марапатталды

09.02.2023ж. Жол-көлік колледжінде автомобиль жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету салалары бойынша колледж оқытушылары арасында «Үздік шебер – 2022» байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сарапшылары марапатталды. Арнайы пән оқытушылары тартылған жеребе бойынша топ-топтарға бөлініп, өз пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, автомобиль жөндеу, автомобиль қозғалтқышын бөлшектеп қайта құрастыру, автомобильді компьютерлік диагностикадан өткізу секілді кезеңдерден өткен болатын.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орындарды Нұрымов Бекназар және Өндірбай Нұрсұлтан, жүлделі екінші орындарды Нартбаев Олжас пен Иса Талғат, ал бас жүлдені Баумұратов Болат қанжығасына байлады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Бірге бағындырар асуымыз биік және жетер жетістіктеріміз көп болсын!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған