Колледж студенттерімен Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді

17.02.2023ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жоспарына сәйкес, колледж студенттерімен Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге Жастар ресурстық орталығының маманы Әлім Арайлым Ерланқызы, ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының маманы Жүргенбаева Назира, ШЖҚ психикалық денсаулық сақтау орталығының маманы Шаукенбаева Әсем Лесбайқызы, Шымкент қаласының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Қарбеков Бауыржан Қанатұлы, Шымкент қаласы №3 спорт мектебінің жаттықтырушысы Садыков Бақтияр, Шымкент қаласы №3 спорт мектебінің спортшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Халитов Ирисбек қатысты. Кездесу соңында студенттер тақырыпқа сай өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан лайықты жауабын алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған