2020-2025 жылдардағы стратегиялық даму жоспары
Колледждің миссиясы
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның экономикасын және өндірістік әлеуетін дамытуға қабілетті, жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау.
Колледждің миссиясы аймақтың әлеуметтік-экономикалық және білім кеңістігінде, сондай-ақ бүгінгі нарық жағдайында теориялық және тәжірибелік дағдыларды меңгерген, жоғары жеке қасиеттерге ие, бәсекеге қабілетті, өз білімі мен біліктілігін дамыта алатын мамандардың сұранысқа ие болуына байланысты орны мен ролін білдіреді.
Стратегиялық даму жоспарының мақсаты
Орта кәсіптік техникалық мамандықтар бойынша білім беру саласының инновациялық кластерінің орталығы болу және білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында білікті де білімді мамандар тәрбиелеу және оқыту.
Міндеттері
1. Білімалушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;
2. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық – техникалық базамен жарақтандыру;
3. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу;
4. Ғылым мен техниканың тиісті салаларындағы жаңа жетістіктерді; отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибе туралы білімдерді алудағы мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру;
5. Ұйымдар мен мекемелерге қажетті біліктілікке сай мамандықтарға баулу, оларға кәсіби бағыт-бағдар беру;
6. Мамандық бейіні бойынша бағдарламаларды, жобаларды, ұсыныстарды, басқа да құжаттарды әзірлеу;
7. Кадрларды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталған оқу-әдістемелік материалдарды даярлау;
8. Кәсіби техникалық білім беру саласында жоғарғы біліктілікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жүйесін арттыру.
Жол-көлік колледжінің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері:
1 мақсат: Ұйымдастыру-басқару қызметтері
2 мақсат: Ақпараттық білім беру сапасын арттыру және инновациялық даму
3 мақсат: Шығармашылық жұмыс
4 мақсат: Тәрбие жұмысы
5 мақсат: Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету
6 мақсат: Қаржы-шаруашылық
7 мақсат: Жас маман» жобасы бойынша атқарылатын жұмыстар