Тарихы

IMG_0030

1971 жылдың 2 шілдесінде Қазақ Совет Социалистік Республикасы Жоғарғы және орта арнаулы білім министрлігінің № 751-ші бұйрығымен Шымкент қаласында Шымкент автомеханикалық техникумы ашылды.

Алғашқы кезде 1617 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мен 1601 «Автомобильдерді техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша мамандар дайындау жұмысы жүргізілді.  43 жыл ішінде колледж атауы бірнеше рет өзгерді:

  • 1995 жылғы 11 желтоқсандағы ҚР Оқу министрлігінің № 312 бұйрығымен

Шымкент автомеханикалық техникумы Оңтүстік Қазақстан автомеханикалық колледжі деп өзгертілді;

  • 1995 жылы 08 мамырдағы ҚР Үкіметінің № 814 қаулысы және ОҚО әкімінің 18.06.1997 жылғы № 14 шешімімен Оңтүстік Қазақстан автомеханикалық колледжі Шымкент аграрлық-техникалық колледжі болып аталды;
  • 2003 жылы 14 наурыздағы ОҚО әкімінің № 120 қаулысымен Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің автомеханикалық кешені – Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіболып өз алдына бөлініп шықты;
  • 2016 жылы 16 маусымдағы ОҚО әкімінің № 173 қаулысымен  «Жол-көлік колледжі»болып  жаңа атауға ауыстырылды.

Алғашқы іргесін қалаған жылдары 1617 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу», 1601 – «Автомобильдерді техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша мамандар дайындау жұмысы жүргізілген болса, бүгінде Жол-көлік колледжінде жеті мамандық бойынша мамандар даярланады:

  • 1201000-«Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»;
  • 1203000-«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару»   (салалар бойынша);
  • 1202000-«Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару»   (салалар бойынша);
  • 1410000-«Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы»;
  • 1303000-«Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»;
  • 1402000-«Жол – құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» (түрлері бойынша);
  • 1206000-«Жол қозғалысын ұйымдастыру».

Тәуелсіз Елдің болашағы да, тірегі де, ХХІ ғасырдың жастары жан-жақты кәсіби  біліммен қаруланған, өздігінен қиындықтан шығуға жол табатын кез келген бәсекелестікке төтеп бере алатын маман тұлға болуы қажет. Осындай тұлғаларды тәрбилелеу кәсіптік білім мекемелерінің қызметкерлеріне зор міндеттер жүктейді.

Колледжде оқытушылар мен  студенттердің шығармашылық жұмыстармен айналысуына, нәтижелі жұмыс жасауына барлық жағдай жасалынған және мәдени өмірге қатысуына мүмкіндігі жоғары.  Колледж студенттерінің білім сапасын арттыру мақсатында колледжде «Жас техник», «Жас жолшы», «Жас диагност», «Жас механик», «Жас сигналист», «Жас электромеханик», «Жас диспетчер», «Жас физик», «Жас химик», «Жас математик»,«English club», «Поэзия әлемі», «Мәдени мұралар», «Шебер қолдар» үйірмелері жұмыс жасайды. Сонымен қатар колледж  студенттерінің жаңа технология мен ақпараттандыру бағыты және робототехника саласын терең меңгерту мақсатында ІТ Робототехника үйірмесімен қоса, спорттық секциялар (волейбол, баскетбол, тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы) жұмыс жүргізеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушылық роліне тоқталып, кітапханалардағы кітап қорына жаңартулар мен толықтырулар енгізудің аса маңызды екенін атап айтқан болатын. Осыған орай, колледж кітапханасын қайта жаңғырту мақсатында мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих код арқылы жасалған көркем әдебиеттер жүктелген стенд жасалды. Бұл заманауи стенд оқытушылар мен студенттер және жалпы оқырмандар үшін жылдам әрі қол жетімді. Сондай-ақ студенттердің білім кеңістігіндегі жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасуы мақсатында және республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде колледж кітапханасы «Оқырман ұстаз» клубы және «Кел, бірге оқиық» атты жаңа бағыттағы үйірме жұмыстарын бастады. 

Осындай үйірмелердің жүргізген үздіксіз жұмысының нәтижесінде колледж студенттері колледжішілік, қалалық, облыстық, республикалық тәрбиелік мәні бар  іс-шаралар мен түрлі байқаулар, конкурстар, ғылыми-практикалық конференциялар, спорттық сайыстарға үздіксіз қатысады