Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына орай «Даланың дара ұстазы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді.

Жол-көлік колледжінде Тіл пәндері циклдік комиссиясының ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлықты ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына орай «Даланың дара ұстазы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Іс шараның мақсаты ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашып, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау болды. Колледж студенттері талантты тұлғаның қайталанбас өлеңдерін мәнерлеп оқып, әңгімелерінің желісі негізінде сахналық қойылымдар қойды.
Ұлы ағартушының ұрпақ тәрбиесіне қосқан мол мұрасынан рухани азық алып, білім көкжиегіне шарықтай берейік.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған