


Previous
Next
Дебат сайысы өтті
27.10.2022ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының жоспарына сәйкес, «Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. Оқытушылар Г.Ходжаева жетекшілік ететін ТМ 9-222 тобы Үкімет, М.Рахманберді жетекшілік ететін топ ТМ9-221 оппозиция ретінде өз ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты. Іс-шараға оқытушылар, студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып сұрақтар қойып пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Г.Ходжаеваның ТМ9-222Үкімет тобы жеңіске жетті.
Іс-шара соңында оқу бөлімінің меңгерушісі Е.Тәліп дебаттың оқушылар тәрбиесіне қосар үлесі көп екендігін, шәкірттерге ойын жасқанбай айтуы керектігі жөнінде біршама келелі ой қозғады