ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

31.10.2023 ж. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Жол-көлік колледжі»МКҚК базасында Қамқоршылық кеңестің ІІІ отырысы өтті. Қамқоршылық кеңес төрағасы Х.А.Сарсенов пен кеңес мүшелеріне колледж басшысы Г.Ү.Искакова 2023-2024 оқу жылында атқарылатын жұмыстар бойынша мәлімет берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов колледждегі тәрбие бағыты бойынша ағымдағы және жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар және ата-аналар мен колледж арасындағы байланысты күшейту, оқу процесімен жақын таныстыру мақсатында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтса, білім беру ұйымының әлеуметтік педагогі Ж.Б.Қуанышбекова, педагог-психолог Г.Омарова жетім балаларды, қамқорлықтағы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, сонымен қатар девиантты мінез-құлықты (тәуекелге бейім) білім алушылар туралы ақпараттық есеп берді. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша кеңес мүшелері өз ойларын, ұсыныстарын айтты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған