«Қашықтан оқытудың пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірсайыс-дебаты

12.11.2021ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының ұйымдастыруымен «Қашықтан оқытудың пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. «Қашықтан оқытудың пайдасы көп» – деген ұстанымды колледж әдіскері Г.Тажибекова бастаған команда жақтап шықса, зиянды жағын бөлім меңгерушісі А.Омарова бастаған команда дәлелдеуге тырысты.
Іс-шараға колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Г.Тажибекова бастаған жақтаушы команда жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетсек, Жол-көлік колледжі Дебат клубының жоспары бойынша бір аптада тек оқушылардан құралған командалар сайысқа түссе, бір аптада колледж оқытушылары бастаған команда додаға түседі.
Әр аптаның жұмасы күні, сағ.12-00-де дебат сайысы тұрақты түрде өткізіліп тұрады

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған