1202000 мамандығының арнайы пәндері циклдік комиссиясының ашық апталығы

11-16.03.2019ж. күндері аралығында Жол-көлік колледжінде 1202000 мамандығының арнайы пәндері циклдік комиссиясының ашық апталығы өтті. Апталықтың бірінші күні іс-шаралар жоспарына сәйкес, ғылыми жобалардың макеттері мен арнайы пән оқулықтарынан көрме ұйымдастырылды және циклдік комиссия оқытушылары түрлі тақырыптарда тәрбие сағаты мен дөңгелек үстел, кездесулер және арнайы пән бойынша ашық сабақтар өткізді. Аталмыш іс-шараларға М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Көлік, қозғалыс және тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасының профессоры – Толенов Айдар Толенович, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Көлік, қозғалыс және тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушысы, доцент – Саматаев Темірхан Қошқарұлы қонақ ретінде шақырылып, көлік саласының бүгіні мен ертеңі жайында ашық пікір алмасты. Сонымен қатар, іс-шараларға қатысқан колледж оқытушылары да өзара тәжірибе алмасты.
Әрбір іс-шара барысында студенттер интеллектуалды-танымдық қабілеттерін дамыта отырып, өз белсенділіктерін жан-жақты көрсете білді.
1202000 мамандығының арнайы пәндері циклдік комиссиясының оқытушылары ашық апталықты жоғары деңгейде өткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған