Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

18.03.2021 ж. күні Жол-көлік колледжінің жатақхана білім алушылары Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті. Жатақхананың белсенді студенттері өз өнерлерін ортаға салып, шағын концерттік бағдарлама қойды. Ұлыстың ұлы күніне арналған әсем әуендер шырқалып, мыңбұрала би билеп, күмбірлете күй төкті. Сонымен қатар, жатақханадағы әр қабат (этаж) тұрғын білім алушылары арасында қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, дастархан жайып, өз өнерлерін ортаға салып сайысқа түсті. Үздік деп танылған қабат (этаж) тұрғын білім алушалары марапатталды

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған