Ашық апталықтан …

17.03.2021ж. күні Жол-көлік колледжінде Қоғамдық-гуманитарлық және дене, әскери патриоттық тәрбиелеу пәндер циклдік комиссиясының ашық апталығының жоспарына сәйкес, тарих пәнінің оқытушысы Б.Нышанәліұлы «Тұрмыстық дәстүрлер» тақырыбындағы бейнебаянын колледж студенттері назарына ұсынды. Сонымен қатар, АӘТД пәні оқытушысы Т.Қадыров онлайн форматта ZOOM бағдарламасы бойынша «Сап және оның элементтері», дене шынықтыру пәнінің оқытушысы С.Берденов «Допты ойынға қосу тәсілдері», тарих пәні оқытушысы Р.Жұмабаева «Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы полиэтникалық қоғамның қалыптасуы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақтарға қатысқан әріптестер тарапынан жақсы пікірлер айтылып, оң бағасын алды. ПЦК төрағасы М.Тәнтіктің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығына экскурсия жасап, мұражай қызметкерлері мен колледж студенттері арасында өзара сұхбат алысты. Сондай-ақ АӘД пәні оқытушысы Т.Қадыров «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге ауған соғысының батыры Меңдіғұлов Сүндет Үсенбайұлы, ауған және жергілікті соғыс ардагерлер одағы төрағасының орынбасары Ибрагимов Асқанбек Өзбекұлы қатысып, студенттермен ашық пікір алысты

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған