ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН, ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақпарат – жаңа дәуірдің жойылмайтын басты қаруы. Бір ғана жалған ақпарат миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіруге қауқарлы. Технология дамып, көп нәрсеге қолжетімділік артқан сайын интернет алаяқтарының құрығы ұзаруда. Аталған мәселе тек Қазақстанның емес, әлемнің назарын аударатындай өзекті.
2023 жылдың 3 қараша күні Жол-көлік колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖАҚ УПИ полиция капитаны Байбанов Берік Мұхтарұлы, Полиция аға лейтенанты Көшкінбай Бақберген Нұрлықасымұлы оқытушылар мен оқушыларға ұялы телефон, интернет алаяқтарынан сақ болу және негізгі сақтық шараларын ұстануға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, жеке құжаттарыңыздың суретін ешкімге жібермеуге, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырды.
Сақ болыңыз және өзіңізден жақсы ешкім сіздің мүлкіңіз бен жинақтарыңызды сақтай алмайтынын ұмытпаңыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған