1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

27.11.2019ж. күні «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай Жол-көлік колледжі Шымкент қаласы Абай аудандық әкімшілігімен бірге «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты салтанатты жиын өткізді. Салтанатты жиынды колледж директоры Г.Ү.Искакова ашып, құттықтау сөз сөйледі. Жиында Елбасының тағылымға толы өмір жолы туралы бейнебаяндар көрсетілді. Салтанатты жиынға Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұ.М.Башенов, Абай ауданы әкімі Ғ.Ә.Төлепов, «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Е. Қ. Бертаев қатысып, жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп, шығармашылық жетістікке жеткен колледж оқытушылары мен қызметкерлерін арнайы Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады. Аталмыш іс-шара студенттердің ұйымдастырған мерекелік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған