Ішкі тәртіп ережесі

Жол-көлік колледжінің

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Колледждегі оқу-тәрбие тәртібі ішкі ережелерді катаң сақтауға, саналылыққа студенттердің  өздерінің еңбек және оқудағы міндеттерін орындаудағы адалдығы мен шығармашылық қатынастарына негізделеді.

Колледж оқушылары міндетті:

1.    Таңдап алған мамандығы бойынша теориялық және кәсіптік білімдерін, машықтану  дағдылары мен білгірлікті жүйелі және терең игеруге.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тілін терең игеруге, республикада тұратын халықтардың мәдениетіне, әдет-ғұрыпы және дәстүрлеріне қызығушылықты қалыптастыруға ұлтаралық қатынас мәдениетінде тәрбиеленуге.

3. Сабақ өту кезінде оқытушылардың түсіндірулерін мұқият тыңдауға, сөйлеспеуге, басқа теріс қылықтармен айналысуға, оқытушылардың барлық нұсқауларын орындауға.

4.  Науқастанып қалғанына немесе басқа себепті жағдайлармен сабаққа келмесе топ жетекшілерін үш күн мерзім ішінде хабардар ету.

5.  Оқу жоспары мен бағдармалардағы тапсырмаларды белгіленген уақытта орындауға.

6. Өзін еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге, қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсене қатысуға, оқу орнында өндірісте өзін-өзі қызмет көрсету және басқаруға тапсырылған іске шығармашылықпен қарауға.

7.   Колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда тәртіпті, жинақты, таза болуға.

8. Колледждік меншікті сақтап нығайтуға, материалдық кұндылықтар мен кұжаттарды сақтаудың белгіленген ережелерін орындауға, материалдарды, суды және электр қуатын үнемді және тиімді пайдалануға.

9. Колледждің халық арасында жүргізетін кәсіптік бағдарламалық жұмысына, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуға.

10.   Оқу ғимаратында темекі шегуге, сабақ кезінде коридорда жүруге және колледж ғимаратына смартфон, заманауи гаджеттарды  (фотоаппараттар,диктофондар, видеокамералар) алып келуге және қолдануға тиым салынады.

11.      Колледж студенттеріне Қазақстандық патриотизмді нығайту үшін (түрлі ашық-шашық түрлі-түсті, хиджаб сиякты сәйкес емес киімдерге тыйым салу үшін) колледж ішкі тәртібіне сай классикалык үлгідегі талғаммен:

Ер балалар жаздың күні — көйлек, қара шалбар, галстук, туфли; кыста-көйлек, галстук, костюм-шалбар;

Қыз балалар жаздың күні — кофта, қара юбка, галстук; қыстың күні кофта, галстук, костюм юбка не костюм-шалбар киіп жүруге міндетті;

Студенттердің костюмдері мен шалбарлары қара өңді (қара, канық көк) болу керек. Көйлек пен кофта — ақ, галстук сары түсті болу керек.

12.     Дене шынықтыру сабағында — спорттық киім, алғашқы әскери дайындық сабағында әскери киім және мамандығы бойынша практикалық сабақтарда арнайы киімдерін киюге міндетті.

 

Оқушылардың тәртібі мен киім үлгісіне жауапкершілік ата-аналар мен топ жетекшілеріне міндеттелсін.

Оқу талабына, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін оқушылар тәртіптік жауапкершілікке (ескерту, сөгіс, колледжден шығару) тартылады.