Шымкент қалалық полиция департаменті Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуге аға лейтенант Н.Жантуғанов, полиция капитандары Б.Байбанов және Б.Ергеш қатысты. Іс-шара барысында студенттерге қылмыстың алдын алу, буллинг, бопсалау және құқық бұзушылықтың зияны туралы түсіндірме дәрісі өткізілді.
Кездесу жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға құрметпен қарау дағдысын қалыптастыруға бағытталды.