Саналы ұрпақ фронт офисі

Саналы ұрпақ-жарқын болашақ. Соңғы жылдары білім беру мекемелерінде жемқорлық фактісі азаймай тұр. Осыған қарсы күресті күшейту үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен қалалық білім бөлімі «Саналы ұрпақ» жобасын қолға алды. Бастамаға алғаш болып қолдау білдірген Шымкент жол көлік колледжінде фронт офис пен адалдық дүкені ашылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін соңғы үш жылда 60 тан астам заң қабылданды. Тиісті басқарма, нәтижелі жұмыстарды қолға алған. Солардың бірі «Саналы ұрпақ» жобасы. Білім ордасымен бірлескен бастамада, жалынды жастар парақорлықпен күресудің тиімді жолдарын қарастыратын болады.   

Айбек Шілманов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент  қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы 

Біздің агентіктің қолдауымен осы бастаманы қолға алып жатырмыз. Бірінші осы фронт офис ашылып жатыр. Адалдық алаңы атты арнайы бұрыштар ашылып жатыр. Барлық білім ордаларында жылдың соңына дейін осы жұмыстарды жүргізетін боламыз.

Жастар-жемқорлыққа қарсы. Әр азаматтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру қажет.Сондықтан   жастарды бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялату қажет.

Аружан Жарылқасын – Жол-көлік колледжінің студенті

Бұл жердегі ең басты мақсат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау.  Пара алмай, пара бермеу, Санаулы ұрпақ  клубының мүшесі ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізуге шақырамын.

Жоба аясында орта арнаулы білім ордасында адалдық асханасы ашылды. Дүкен өз-өзіне қызмет ету жүйесіне негізделген. Шынайлықпен адамгершілікке баулитын жоба, алдағы уақытта қаламыздың барлық білім ордасында жүзеге аспақ.